К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ЖАК профессоры Бекназар Лейло Ақназақызының шәкірттері, «Драма театр және кино әртісі» мамандығының 4-курс студенттері Серікқазыұлы Мерей мен Айдарханов Али – Корея Республикасында өткен «Еуразия халықаралық студенттік театр фестиваліне» қатысып, шетелдік студенттермен бірге бір сахнада өнер көрсетті!
Аталмыш фестивальде олар әлемдік классика туындысы – А.П. Чеховтың «Шие бағы» пьесасынан үзінді қойып, өздерінің кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде паш етті:
• Серікқазыұлы Мерей – Леонид Андреевич Гаев рөлінде,
• Айдарханов Али – Яша рөлінде өнер көрсетті.
Студенттердің әсерлі пікірлерінен:
«Біз Анян қаласындағы Сонгюль университетінде дайындалдық. Күнделікті репетициялар өте қызықты әрі шабытты өтті. Бұл өз мамандығыма деген сүйіспеншілігімді терең сезінуге мүмкіндік берді. Жарық пен музыканың көмегімен сахналық көріністерді көркемдеп, апта сайын біріктіріп отырдық. Алғашқы күндері волейбол сияқты ойындар арқылы көңіл көтеріп, өзара жақын араластық. Режиссер бізге көп нәрсе үйретті, ал серіктестеріміз – жүрегі жылы, жүздері жарқын жандар. Бұл біз үшін үлкен тәжірибе мен естен кетпес сәттерге толы болды!»
Мұндай халықаралық жобалар студенттерімізге кәсіби тұрғыда өсуге, жаңа мәдениеттермен танысып, шығармашылық әлеуеттерін дамытуға зор мүмкіндік береді.
Университет ұжымы дарынды студенттерімізді және олардың жетекшісі Бекназар Лейло Ақназақызын шын жүректен құттықтайды! Жаңа шығармашылық жетістіктер мен жарқын сахналық белестер тілейміз!
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.