УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Студенттер үйі тұрғындарының жалпы жиналысы өтті.

2025 жылдың 24 қыркүйек күні сағат 16:00 және 17:00-де Ф. Шопен атындағы кіші залда факультеттер бойынша Студенттер үйі тұрғындарының жалпы жиналысы өтті. Іс-шараға студенттер, тәрбиешілер, факультет декандары және Жастар ісі және тәрбие жұмысы бөлімінің өкілдері қатысты.

Жиналысты Жастар ісі және тәрбие жұмысы бөлімінің жетекшісі Аймакова А. ашып, студенттердің бірлесе өмір сүру мәдениетін қалыптастырудағы жауапкершілігі мен тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын атап өтті.

Қасен Н.К. мен Шаяхметова К.А. – жатақхана тәрбиешілері – Студенттер үйінің ішкі тәртібі, тұрғындардың құқықтары мен міндеттері туралы айтып, нақты мысалдар келтірді.

Қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды. Касенов Д.К. терроризм қаупі туындаған жағдайда студенттердің әрекет ету тәртібін түсіндірсе, Ержанов  Д.А. эвакуация ережелері бойынша нұсқаулық өткізді. Далабаев Е.Т. жалпы қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды таныстырды.

Шаруашылық жұмыстарын жүргізуші Жібек Ауезханқызы Тасбулатова тұрғын бөлмелерінің, жабдықтардың, спорттық және тұрмыстық аймақтардың жай-күйі туралы есеп беріп, жатақхана аумағын абаттандыру, тазалық сақтау, демалыс орындарын ұқыпты пайдалану мәселелерін көтерді.

Факультет декандары студенттерге әдептілік, өзара сыйластық және академиялық адалдық туралы сөз сөйледі. Сонымен қатар, Батырбеков М.К. жатақханадағы тәртіп бұзушылықтар, атап айтқанда, рұқсатсыз қоныстану, қоқысты бей-берекет тастау, шу көтеру және олар бойынша қолданылатын тәртіптік шаралар туралы баяндады.

Жиналыс соңында студенттер тарапынан тұрмыс, тамақтану, бос уақытты ұйымдастыру сияқты мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, жатақхана жағдайын жақсартуға арналған ұсыныстар айтылды.

Жиналысқа белсенді қатысқан барлық студенттерге алғысымызды білдіреміз!

Басшылық студенттер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру жұмыстарын жалғастыра береді.



ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.