2025 жылдың 29 қыркүйек күні К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров белгілі қоғам қайраткері, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновпен кездесті. Жұмыс кездесуі барысында жастар тәрбиесі мен мәдениеті мәселелері талқыланды.
Мәртебелі мейман өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, рухани-мәдени байланыстарды дамытудың маңыздылығына тоқталды.
Дүйсен Қасейінов университетке ТҮРКСОЙ ұйымының композитор Тәттімбеттің мерейтойына арнап шығарған естелік кәдесыйын табыс етті.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.