К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Өнертану» және «Кинорежиссура және ТВ» кафедралары SHABYT CHANNEL арнасымен бірлесе отырып, Vision 25 подкастын жалғастырады. Жоба қазақ киносы, оның тілі және қазіргі әлемдегі даму нүктелері туралы ой қозғайды.
Екінші шығарылым деректі киноға арналған. Әңгіме өзегінде – форманы ырғақ пен поэзия ретінде іздеу, шынайы әрі осязабельді болмыс, сондай-ақ осы үдерістегі автордың орнын түсінуге талпыныс бар.
Шығарылым қонақтары – еңбектері халықаралық деңгейде танылған жас режиссёрлер:
Меруерт Акитова – «Кинорежиссура және ТВ» кафедрасының магистранты; Bastau халықаралық кинофестивалінде үздік деректі фильм деп танылған «Menin Terminatorsham» қысқаметражды деректі фильмінің режиссёры.
Арман Каиржан – «Өнертану» кафедрасының докторанты және «Кинорежиссура және ТВ» кафедрасының оқытушысы; Германияда өткен Mannheim Arts and Film Festival фестивалінде үздік деректі фильм жүлдесін алған «Сократтар» деректі фильмінің режиссёры.
Әңгіме барысында бүгінгі таңда деректі киноның басты кейіпкерлері неге жиі балалар мен әйелдерге айналып отырғаны талқыланады. Авторлар кейіпкерлерінің ішкі қозғаушы күші ретіндегі үміт қағидасы, сондай-ақ көрерменге тікелей қойылатын немесе кейіпкерлермен бірге олардың тағдыры арқылы бастан кешірілетін сұрақтар жайында ой бөліседі.
Жоба авторы және жүргізуші – киновед Инна Смаилова
Подкаст режиссёры – Утекешева Алма Қаратаевна
Vision 25 подкастының екінші шығарылымы SHABYT CHANNEL YouTube-арнасында қолжетімді болады.
Қазіргі деректі кино, оның жаңалықтары мен болашағы туралы әңгімеге қосылуға шақырамыз!