УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Арт әлемі: шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Университеттің барлық дерлік факультеттерінің студенттері қатысты. Бұл авторлық құқық мәселелеріне жастардың жоғары қызығушылығын көрсетті.

Негізгі баяндамашы – Каудыров Төлеш Ерденұлы, заң ғылымдарының докторы, профессор. Өз сөзінде ол шығармашылық қызметтегі авторлық құқықтың маңызын, зияткерлік меншікті қорғау тетіктерін, сондай-ақ шығармашылық туындыларды медиа мен цифрлық платформаларда пайдалану кезінде туындайтын өзекті мәселелерді атап өтті.

Тақырып студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар сұрақтар қойып, өз шығармаларын медиа кеңістікте пайдалану бойынша түрлі кейстерді бірге талқылады.

Модераторлар: Каудырова Айман Оразғалиқызы - филология ғылымдарының кандидаты, доцент.  Исеналинов Азамат Рамазанұлы – PhD докторы, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы.

Іс-шара тәрбие жұмысы бөлімі мен Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.