УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2026 жылдың 23 сәуір күні Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде көрнекті мүсінші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Марат Әйнековтің туғанына 85 жыл толуына орай «Мүсінші Марат Әйнеков: өнер және тағылым» атты көрме мен дөңгелек үстел өтті.

«Өнертану» және «Кескіндеме және мүсін» кафедраларының ұйымдастыруымен өткен бұл жиын мүсін шеберінің мол мұрасын ұлықтауды мақсат етті. Мәдени іс-шараға мүсіншінің шәкірттері, өмірдегі және өнердегі достары, Алматыдан арнайы келген немересі Айя Әйнекова, сондай-ақ өнертанушы ғалымдар мен студенттер қатысты.

Дөңгелек үстел аясында мүсінші шығармашылығының түрлі қырлары талқыланды. Жиын барысында «Өнертану» кафедрасының 1 және 3 курс студенттері мен докторанттар Марат Әйнеков шығармашылығына арналған баяндамалар жасап, оның туындыларына талдау жүргізді. Рухани-танымдық шара көпшілік қауымға қазақ мүсін өнерінің дара тұлғасы туралы мол мағлұмат ұсынды.



ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.