УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

 

«ҰМАЙ»  ҰЛТТЫҚ  СЫЙЛЫҒЫ 


«Ұмай» ұлттық сыйлығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі елеулі шығармашылық табыстары мен көрнекті жетістіктері үшін кәсіби шығармашылық ұжымдар мен жекелеген суретшілерді қолдау мақсатында тағайындады. Бұл Қазақстанның өнер саласындағы ең беделді және дәрежелі марапаттарының бірі. Жыл сайын ұлттық мәдениетті дамыту мен насихаттауға үлес қосып жүрген көрнекті тұлғаларды іріктеп, отандық мәдениеттің алға басуы мен жылжуына көмек көрсетеді.

Биылғы жылы жүлделердің саны мен жалпы жүлде қоры айтарлықтай ұлғайды. Өтініштер төрт номинация бойынша қабылданды: «Театр өнері», «Хореографиялық өнер», «Музыкалық орындаушылық өнер», «Бейнелеу және сәндік өнер». Ұйымдастыру комитетіне 322 адамнан өтініш түсіп, оның 114-і финалға өтті. Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамына Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері енді

Тәуелсіздік  күні қарсаңында, 2023 жылғы 15 желтоқсанда,  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілеген «Ұмай-2023» Ұлттық өнер сыйлығының финалистерінің есімдері белгілі болды.Келесі кезең жеңімпаздарды таңдау болады, оны тәуелсіз сараптау комиссиясының мүшелері жүргізеді. 


«Ұмай» сыйлығын табыстау рәсімі «Астана Опера» 

театрында 2023 жылдың 22 желтоқсанында өтеді.


Қазақ  ұлттық  өнер  университетінің  педагогтері - UMAI - 2023  Екінші ұлттық сыйлықтың финалистері

  

«Үздік  музыкалық ансамбль» (халықтық)

«Жеті ұл» дуэті

Андрей Шакенов – гитара, Зарина Мақанова – қыл қобыз, жетіген


«Үздік  музыкалық ансамбль» (классикалық)

«Абильхановтар  дуэті»

Бағдат Абильханов – скрипка, Салтанат Абильханова - фортепиано


  «D’ACCORDO  ASTANA»  триосы

Әсет Нельдыбаев (фагот),  Дәмиля Махпирова (гобой), 

Гүлжанат  Жанатаева (фортепиано) 



ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.