46-шы Республикалық байқаудың лауреаттары, дипломанттары, оқытушылары мен концертмейстерлерінің назарына: Жеңімпаздардың дипломдары жарияланды!
Құрметті 46-шы Республикалық орындаушылар байқауының қатысушылары, концертмейстерлері мен оқытушылары!
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті мен «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» Республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған музыкалық колледждер арасындағы 46-шы Республикалық орындаушылар байқауының дипломдары дайын болғанын қуана хабарлаймыз.
Электронды нұсқасын сілтеме арқылы жүктей аласыз.
https://drive.google.com/drive/folders/1Im5Aih-Ps9xuWIUZ8ujzS0FQo0Yp1z9O?usp=sharing
Байқау лауреаттарына (I, II және III орын иегерлеріне) дипломдардың қағаз түріндегі түпнұсқасын келесі мекенжайдан алып кетуіңізге болады:
Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50 (Шабыт ғимараты), 2-қабат, №239 кабинет.
Ескерту: Қағаз түріндегі дипломдар тек I, II және III орын иелеріне беріледі. Қалған қатысушыларға дипломдар тек электронды форматта ұсынылады.
Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Келесі жылы кездескенше!