УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Көрмелер

<
>

    «Менің сүйікті қалам» пленэр байқауының көрмесі

    2022 жылдың 1 маусым күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Қазақ ұлттық өнер университетінің алаңында дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың «Бейнелеу өнері» мамандығының 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің сүйікті қалам» атты пленэр байқауы өтті. Іс-шара Балалар жылы аясында балаларды қорғау күніне арналды.

    38 қатысушы қағаз бетіне акварель мен гуашпен қалалық пейзаждардың, ішінде ҚазҰӨУ ғимараты да бар түрлерін бейнеледі.

    Пленэр мектеп бағдарламасындағы міндетті пәндердің бірі болып табылады. Бейнелеу өнерін оқыту және оқушылардың кәсіби біліктілігін арттыру процесінде натурадан сурет салу шеберлігін меңгеруде пленэрлік практиканың рөлі өте маңызды.

    Іс-шараның ұйымдастырушылары ҚазҰӨУ көркемөнер факультетінің «Сценография, сәндік өнер, кескіндеме және мүсін» ПЦК. Пленэр жетекшілері ҚазҰӨУ «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының доценті, мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Франция Мондиаль арт академиясының академигі - Маханбетжанова Гүлнар Маханбетхалиқызы және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ысқақбек Серікжан болды.

    Пленэр аяқталғаннан кейін оқушылардың үздік жұмыстары ушін ҚазҰӨУ ректоры А. Қ. Мұсахажаеваның атынан I, II, III орындар және Гран-При дипломдарымен марапатталды.


    ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

    Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

    Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.