УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Көрмелер

<
>

    «Өнердің кәусар бүлағы» көрмесі          

    2023 жылдың 6 наурызында ҚР Қарулы Күштер Әскери-тарихи мұражайының залында Қазақ ұлттық өнер университетінің 25 жылдығына арналған «Өнердің кәусар бүлағы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

    ҚазҰӨУ Көркемөнер факультетінің деканы Мұхтарова Ғ.С. ҚазҰӨУ ректоры, профессор А.Қ.Мусахаджаеваның атынан құттықтау адресатын оқыды. Бұдан әрі мұражай директоры Лаззат Әлжан сөз сөйледі.

    Тараптар ҚР ҚК Әскери-тарихи мұражайы мен ҚазҰӨУ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын мәлімдеді.

    Ашылған көрме тараптар арасында ұзақ мерзімді өзара байланыстың болашағын ашатын алғашқы жоба болып табылады. 

    Көрменің ашылуына дейін вернисажда мерекелік көніл күй тұрды, ҚазҰӨУ-дің 1-2 курс студенттерінен құралған халық аспаптар ансамблі Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы», Құрманғазының «Балбырауын» шығармаларын орындады, жетіген сүйемілдеумен қазақ халық әндері орындалды. Сонымен қатар, «Киім дизайны» мамандығының студенттері мен түлектерінің киім топтамалары көрсетілімі көрермендер қызығушылығын тұдырдыі.


    ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

    Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

    Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.