Роза Бағланованың 100-жылдығына арналған «Әдемі-ау» сурет көрмесі
2022 жылдың 19 мамырында сағат 15:00-де Қазақ Ұлттық Өнер университетінің галереясында ҚазҰӨУ мектеп оқушылары, колледж және бакалавр студенттері мен ұстаздарының Роза Бағланованың 100-жылдық мерейтойына арналған «Әдемі-ау» атты бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды.
Экспозицияда кескіндеме, графика, мүсін, сән - қолданбалы өнер туындылары, қондырғылы және компьютерлік графикада жасалған плакаттар және театр декорациясы өнері ұсынған макеттер, барлығы 65 туынды қойылған.
Көрменің негізгі бөлігі Роза Бағланованың портреттері, сахнада ән айтып тұрған көрінісін бейнелейтін туындылар құрайды. Роза Бағланованың сахналық стиленде орындалған ұлттық бас киімдер экспозицияда орын алды.
Мектеп оқушылары мен колледж студенттері Роза Бағланованың бейнесін қалай қабылдайтынын, оның әндерін қалай сезінетінін туындыларында жеткізуге тырысты.
Көрме кураторы Гульнар Маханбетхалиевна Маханбетжанова натюрморт сериясын және осы жобаға арналған «Гүлдің нәрі» атты авторлық коллекциясынан «Әдемі-ау» ұлттық киімінің фотоинсталляция ретінде ұсынды.
Көрмені ҚазҰӨУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры Омарова Ж.Н., Көркемөнер факультетінің деканы Мұхтарова Ғ.С.,«Сценография және сәндік өнер» кафедрасының меңгерушісі Тоқсанова Ә.А., «Сценография, сәндік өнер, кескіндеме және мүсін» кафедрасының меңгерушісі Жұмағалиева Ә.Ж. Көрменің жүргізушісі колледж ұстазы Гүлназым Өмірзақ болды.
Қөрменің ашылу салтанатында Роза Бағланованың репертуарынан «Ақмаңдайлым» әнін «Эстрадалық вокал» мамандығының 1 курс студенті Қабдолла Мадина нақышына келтіре орындады.
Әнші - орындаушының бет әлпетін Роза Бағланованың бейнесіне ұқсату мақсатында ҚазҰӨУ «Театр кино және ТД грим сценографиясы» мамандануының оқытушысы Аягуль Шалғымбаева грим өнерінің мүмкіндіктерін пайдаланды.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.