УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Көрмелер

<
>

    «Наурыз келді! Жыл басы!» сурет көрмесі 

    2022 жылдың 18 наурызында ҚазҰӨУ галереясында ҚазҰӨУ колледжінің «Сценография, кескіндеме, сәндік өнер және мүсін» ПЦК оқытушысы Жайық Күшікбаевтың «Наурыз келді! Жыл басы!» атты жеке сурет көрмесі ашылды.

    Жайық Күшікбаев - ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ол Қазақстан табиғатының сұлулығын бейнелейтін панорамалық пейзаждарымен, ұлан-ғайыр қазақ даласының әсем көріністері, ауыл өмірін бейнелейтін суреттер кескіндемеші ретінде танымал.  

    Суретшінің туған жеріне деген сүйіспеншілікке толы, Алатау баурайының  әдемі табиғатын, сондай-ақ Арал, Қапшағай, Қаскелең, Қырғауылды және т. б. жерлерінің әсем көріністері ерекше әсер қалдырады. Көрмені ҚазҰӨУ колледжінің «Сценография, кескіндеме, сәндік өнер және мүсін» ПЦК меңгерушісі А. М. Джұмағалиева және ҚазҰӨУ Көркемөнер факультетінің деканы Ғ. С. Мухтарова ашты.

    Көрменің ашылу салтанатында ҚазҰӨУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ж. Н. Омарова, «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының меңгерушісі А. А. Тоқсанова және ҚазҰӨУ құрметті педагогтары, суретшілер Д. А. Аймағамбетов, Г.М. Махамбетжанова, М. С. Аманбаев, сондай-ақ «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығынан келген қонақтар сөз сөйледі.


    ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

    Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

    Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.