«КӨКТЕМ ӘУЕНІ» АТТЫ ҚАСТЕЕВА ДАРИЯНЫҢ ЖЕКЕ СУРЕТ КӨРМЕСІ
2022 жылдың наурыз айының 3 жұлдызында Қазақ Ұлттық өнер университетінің галереясында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ҚазҰӨУ колледжінің «Сценография, кескіндеме, сәндік өнер және мүсін» ПЦК оқытушысы Қастеева Дария Мұхитқызының жеке сурет көрмесі ашылды.
Дария Қастеева - танымал сән - қолданбалы өнер суретшісі, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі және «Мәдениет саласының үздегі» төсбелгісінің иегері.
Көрмеде 40 астам гобелен және кескіндеме туындалары көрермен назарына ұсынылды. Экпозиция 8 наурыз мейрамына арналған соң, шығармалар негізінде көктем тақырыбына - әсем табиғат және арулардың нәзік бейнелеріне арналған. Әйелдер бейнелерінде біз сәукеле киген қалындықты, кимешекті әжелерді, ақ орамал таққан келіншектерді, қос етек көйлек киген бойжеткендерді қөре аламыз. Олар қазақ ою – өрнектермен, қызғалдақтармен көмкерілген.
Гобелендер арасында қала пейзаждары, оның ішінде Алматы мен елорданың танымал ғимараттары: Байтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы сұлбаларын байқауға болады. Ұлы Жибек жолындағы Шығыстың көне қала көріністері де кездеседі.
Сонымен қатар киял әлеміне жетелейтін Мысыр, Үнді мәдениетіндегі сарындар да кездеседі. Көрменің түстік палитрасы жылы, ашық түстерге толы, гүлдер мен құстар сюжеттері де көрмеге атына сай көктем әуенің білдіріп тұр.
Көрмені ҚазҰӨУ «Сценография, кескіндеме, сәндік өнер және мүсін» ПЦК меңгерушісі Джумағалиева Ә. М. және Көркем өнер факультетінің деканы Ғ. С. Мухтарова ашты. Көрменің ашылуында ҚазҰӨУ тәрбие жұмысы бойынша проректоры Омарова Ж.Н. және «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының құрметті ұстаздары Ачилов И.Ш. және Махамбетжанова Г. М. сөз сөйледі.
Суретші Ә.Баяндин сөз алып, ҚР суретшілер одағының Нұр - Сұлтан қаласының басқарма төрағасы Исмаилов Ө.Д. және Нұр - Сұлтан қаласының мәдениет басқармасының басшысы С. Шапашов атынан Дария Мұхитқызына алғыс хаттарды табыстады.
Көрме 2022 жылдың наурызының 3- 16 жұлдызына дейін өтті.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.