УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Көрмелер

<
>

    ҚАЗҰӨУ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ «СУРЕТ. ГРАФИКА. МҮСІН» АТТЫ КӨРМЕСІ

    ҚАЗҰӨУ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ «СУРЕТ. ГРАФИКА. МҮСІН» АТТЫ КӨРМЕСІ

    2022 жылдың 17 ақпанында ҚазҰӨУ галереясында ашылған колледж студенттерінің оқу жұмыстарының  «Сурет. Графика. Мүсін» атты көрмесі көрермендердің, атап айтқанда «Кино өнері және теледидар» факультетінің оқытушылары мен студенттерінің қызығушылығын туғызып және ыстық ықыласына бөленуде.

    Көрмеде Аймағамбетовтың Д.А. жетекшілігімен әр түрлі мамандықтарда оқитын колледж студенттерінің академиялық суреттері, М. С. Аманбаевтың жетекшілігімен «Қондырғылы графика» мамандандануы студенттерінің линогравюра және граттаж техникасындағы графикалық жұмыстары, мүсіншілер Кенбай Ж. К., Нұрбаев С. А., Бағыбаевтың Е. Т. жетекшілігімен ұсақ пластика туындылары ұсынылды.

    Ашылу салтанатында көрменің кураторы - Аймағамбетов Дәулет Амантайұлы, сондай - ақ «Сценография, кескіндеме, сәндік өнер және мүсін» ПЦК көрмесінің ұйымдастырушысы Джумағалиева Ә. М. сөз сөйледі, сондай-ақ ҚазҰӨУ Көркемөнер факультетінің деканы Ғ. С. Мухтарова «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының доценті Л. Б. Махат және график-суретші М. С. Аманбаевқа сөз берілді. 

    «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының меңгерушісі А. А. Тоқсанова, «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының меңгерушісі А. С. Смағұлов көрмеге қатысушыларға түрлі номинациялар бойынша ҚазҰӨУ ректоры, профессор А.К. Мұсақожаеваның атынан дипломдар мен сертификаттарды табыс етті. Көрме 2022 жылдың 1 наурызына дейін жалғасты.


    ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

    Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

    Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.