«Бұрыңғы жақсылардан өрнек қалған...»
ҚазҰӨУ Көркемөнер факультетінің студенттері мен оқытушылардың көркемсурет туындыларының көрмесі
Биылғы 2020 жыл – қазақ елі үшін маңызды жыл. Ұлы қаламгер, философ, ойшыл, ақын-музыкант Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойы.
Осы мерейлі салтанатқа байланысты арайлы астанамыздағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Көркемөнер факультет студенттері мен оқытушылардың шығармашылық туындыларының көрмесі – соның айғағы.
Көрмеге эпиграф ретінде Абай өлеңінің бір жолы «Бұрыңғы жақсылардан өрнек қалған..» алынды.
Көрмеде Абайдың портреттері мен қатар Ұлы ақын шығармалары желісі бойынша орындалған кескіндеме, мүсін және сән - қолданбалы өнер туындылары ұсынылды. Мысалы А.Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы бойынша жасалған Құлахметова Айдананың киіз панносы.
ҚазҰӨУ галереясында 2020 жылдың 7 желтоқсаныңда ҚазҰӨУ галереясында көркемсурет көрмесін Қазақ ұлттық өнер университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры – Омарова Жанна Нұрхалыққызы, ҚазҰӨУ профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты – Байқоңыр Ижанұлы Ижанов, ЖАК профессоры, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, Исмаил Шайкулович Ачилов, ҚазҰӨУ профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі – Бақытбек Ақажанұлы Мұхаметжанов, «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының доценті, белгілі сценограф – Серікжан Балтаев, «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының меңгерушісі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, доцент – Байбосын Мұхтар Қайратұлы, «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының меңгерушісі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Смағулов Арыстан Серікболұлы салтанатты түрде ашты.
Көрмеде белгілі мүсінші, ҚазҰӨУ профессоры Бахытбек Мухаметжанов өзі жасаған Абайдың бюст портреті мен Абай Құнанбаевтың мұрасы туралы ой қозғады.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.