УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2023 жылдың 31 наурызында елордада «Қазмедиа орталығы» концерт залында «Наурыз» атты Бірінші Ұлттық телехикаялар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылып, өткізілді.

       ҚазҰӨУ атынан «Киноөнер және телевизия» ұстазы Ерлан Маратұлы Нұрмұхамбетовты және «Қаныш. Қазына» телехикая ұжымын наурыз айының 31 жұлдызында  – Қазақ ұлттық өнер университетінің құрылғанына 25 жыл  мерейтой күнімен сәйкес келген жеңісімен құттықтаймыз!

       ҚазҰӨУ оқытушылары, студенттері мен түлектерінен құралған шығармашылық топ түсірген геолог - ғалым, қоғам қайраткері, академик, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа арналған «Қаныш. Қазына»  телехикаясы байқаудың 6 номинация «Үздік тарихи сериал», «Үздік әйел рөлі», «Үздік режиссер», «Үздік сценарист», «Үздік монтаж» және «Үздік саундтрек» бойынша жарияланды. 

        Тарихи телехикая түсіріліміне қоюшы - суретші Марат Иманберген және оның шәкірттері Әлішер Сәбит, Бекзат Махамбет, Нұрасыл Жүкен, операторлар тобы Аян Базылбек, Досхан Уахитов, Алмасхан Қосаев (Талғат Тайшанов шеберханасы), Бердалы Мұхамеджан, дыбыс инженерлері - Әлиасқар Дәстенов, Сергей Тен, сценарист Әмір Әменов, басты рольдің орындаушысы, ҚазҰӨУ түлегі Анна Оразбаева, бас продюсер Айгүл Байбек «Қазақстан РТРК» АҚ тапсырысы бойынша «Arai Media Group» продюсері) және басқалар қатысты. Байқауға 13 аталым бойынша республикалық телеарналар мен сериал түсіретін көптеген шығармашылық ұжымдар қатысты.



ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.