УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2025 жылдың 8 қыркүйек күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады.


Аталған Жолдауда Мемлекет басшысы ел дамуының негізгі басымдықтарын атап өтіп, алдағы кезеңге арналған саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалардың бағыттарын айқындады. Білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, жастар саясаты, шағын және орта бизнес, сондай-ақ мемлекеттік басқару салалары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.


Осыған орай, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері конференц-залда жиналып, Президент Жолдауының тікелей көрсетілімін бірге тамашалады. Іс-шара барысында қатысушылар Жолдауда айтылған бастамаларға ерекше мән беріп, оны өз салаларындағы жұмысқа байланыстыра отырып талқылады.


Президент өз Жолдауында еліміздің болашағы – бірлік пен еңбекке негізделгенін, әр азаматтың белсенді ұстанымы мен жауапкершілігі маңызды екенін ерекше атап өтті.



ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.