УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

 

Құрметті Роза Қажығалымқызы!

Қазақ  ұлттық  өнер университетінің ұжымы Сізді жоғары дәрежелі мемлекеттік марапатыңызбен құттықтайды! Қазақ мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен білім саласына қосқан үлесіңіз ұшанғайыр және олар өз лайықты бағасын  алуда.

Ұлттық  мереке – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің мәдени-рухани дамуына қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін Қазақ  ұлттық  өнер университеті  «Өнертану» кафедрасының профессоры,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Абай» атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, Ф.Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың иегері, жазушы-драматург Роза Қажығалымқызы Мұқанова мемлекеттік награда - «ҚҰРМЕТ»  орденімен  марапатталды.

Құрметті  Роза  Қажығалымқызы! Сізге шығармашылық табыс, қажымас  қайрат, зор денсаулық, дарынды шәкірт, сауатты оқырман тілейміз! Алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіз! Армандарыңыз орындала берсін!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.