2025 жылдың 2 қазан күні К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Режиссура, арт-менеджмент және операторлық өнер» мен «Өнертану» факультеттерінің студенттері мен оқытушылары өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өткен әйгілі «Мосфильм» киностудиясында болып қайтты.
Экскурсияны «Мосфильм» киноконцернінің бас директордың орынбасары Андрей Алексеевич Гущин жүргізді. Сапар ТМД елдерінің III Халықаралық студенттік фестивалі «Восхождение» аясында өтті.
Экскурсия барысында қатысушылар киностудия тарихымен танысып, түсірілім павильондарын, кинотехника мұражайын және әйгілі фильмдердің декорацияларын көрді. Андрей Алексеевич студияның қазіргі жобалары, жетістіктері мен даму болашағы туралы әңгімелеп берді.
Студенттер мен оқытушылар әйгілі киностудияны аралауға мүмкіндік бергені үшін шынайы ризашылықтарын білдіріп, сондай-ақ жылы қарсы алғаны және мазмұнды әңгімесі үшін Андрей Алексеевич Гущинге жеке алғыстарын айтты.
1941 жылдың 14 қазанынан 1944 жылға дейін «Мосфильм» киностудиясы Алма-Ата қаласына эвакуацияланған. Сол жерде басқа кеңестік киностудиялармен бірлесіп Орталық Біріккен Киностудия (ЦОКС) құрылған.
Өз қызметі барысында «Мосфильм» 2500-ден астам фильм түсіріп, олардың көпшілігі отандық және әлемдік кинематографтың классикасына айналды.
Қазіргі уақытта студияның ресми атауы – «Мосфильм» киноконцерні. Бас директор және басқарма төрағасы – Карен Шахназаров. Киностудияда 1000-нан астам қызметкер жұмыс істейді, ал 2024 жылғы таза пайдасы917 миллион рубльді құрады.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.