УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2025 жылдың 17-19 қазан күндері К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде дәстүрлі музыкатану ғылымына арналған «Ұлы дала музыкасы» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Жиынның негізгі мақсаты – қазақ және түркі халықтарының рухани мұрасын зерттеу, сақтау және ұрпаққа жеткізу.

Конференцияның пленарлық отырысына Қазақстан, Түркия, Ресей және Өзбекстан ғалымдары, дәстүрлі музыка мен этномузыкатану саласының мамандары, студенттер, сондай-ақ еліміздің өңірлерінен арнайы келген зерттеушілер қатысты. Олар фольклорлық экспедициялардағы тәжірибелерімен бөлісіп, Ұлы дала көшпелілерінің музыкасы, дәстүр мен заманауи зерттеу әдістері, күй өнерін сақтау мен насихаттау, түркі халықтарының музыкалық мұралары, этномузыкатанушының миссиясы сынды өзекті тақырыптарды талқылады.

Іс-шараның модераторы – өнертану кандидаты, профессор, университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Раушан Нұртаза болды. Ол өз сөзінде күй зерттеуде музыкант пен зерттеуші болмысының, олардың өзара ортасының маңыздылығына тоқталып, этномузыканы зерттеу қазақ руханиятының дамуына және тарих қойнауында қалған жәдігерлерді қайта жаңғыртуға зор үлес қосатынын атап өтті.

«Ұлы дала музыкасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында университет ғалымдары Базаралы Мүптекеев пен Пернебек Шегебаевты еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті. Екі ғалым да қазақстандық ғылым мен жалпы музыкалық түркітануға елеулі үлес қосқан тұлғалар болып табылады.

Айта кетейік, конференция биыл жаңадан бекітілген Материалдық емес мәдени мұра күнімен тұспа-тұс келді.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.