«Ұлы дала музыкасы»: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жаңа ғылыми-зерттеу зертханасы ашылды «Ұлы дала музыкасы» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында дәулескер домбырашы, қазақтың күйшілік-домбырашылық дәстүрін ғылыми негізде әлемге танытқан ғалым Базаралы Мүптекеев атындағы материалдық емес мәдени мұра ғылыми-зерттеу зертханасының ашылу салтанаты өтті.
Жаңа зертхана дәстүрлі музыканы, күй өнерін және түркі халықтарының материалдық емес мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау мақсатында құрылды. Зертхананың жұмысы этномузыкатану саласындағы ғылыми ізденістерді тереңдетіп, жас ғалымдар мен студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.
Бұл бастама қазақтың бай рухани мұрасын жүйелі түрде зерттеуге және ұлттық өнерді халықаралық деңгейде танытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.