2025 жылдың 20 қазан күні Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Ресейдің ғылыми-көркемдік және педагогикалық бағыттағы өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шараға педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Ломов С.П., Игнатьев С.Е., Аманжолов С.А., Зубрилин К.М. қатысып, өнер және білім саласындағы заманауи ғылыми зерттеулер мен әдістемелік тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында қазақ және орыс өнер педагогикасының өзекті мәселелері, музыкалық білім берудің жаңа тәсілдері, инновациялық технологияларды қолдану және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолдары сөз болды.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттары тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, пікір алмасу жүргізілді.
Кездесу білім беру саласындағы тәжірибе алмасу мен кәсіби байланысты нығайтудың маңызды алаңына айналды.
Іс-шараны ұйымдастырушы:
«Музыкалық орындаушылық және педагогика» кафедрасы
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.