УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

К.Байсейітова атындағы Қазақ үлттық өнер университетінің конференция залында ІІІ дәрежелі “Барыс, “Парасат” ордендерінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, жырау Алмасбек Нұрмаханұлы Алматовтың 70 жылдық мерейтойына орай жарық көрген көптомды топтаманы ғылыми-академиялық және көпшілік кітапханаларға салтанатты табыстау рәсімі өтті.

Зиялы қауым өкілдері, өнертану ғылымының көрнекті өкілдері, руханият қайраткерлері, білім алушылар жиылған алқалы жиында мерейтой иесі Алмасбек Нұрмаханұлы сөй сөйлеп, Ұлттық академиялық ғылыми кітапхананың, Астана қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің, Л.Н. Гумилев атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Отырар” ғылыми-академиялық кітапханасының, Қосшы қаласы кітапханасының және Қазақ ұлттық өнер университеті ғылыми кітапханасының қорына көптомдықтарды табыс етті. 

Шара барысында университет проректоры, өнертану кандидаты, профессор Раушан Нұртаза алғысөз сөйлеп, филология ғылымдарының кандидаты, ақын-аудармашы, көптомдықтың редакция алқасының мүшесі Ләйлі Құндақбай кітап туралы толымды баяндама жасады. Сонымен бірге, Қазақ өнерінің көрнекті өкілі, күйші, профессор Айтжан Тоқтаған, өнертану кандидаты,  профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Елмұра Жаңаберген лебіздерін білдіріп, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, университет докторанты Күнсұлу Түрікпен жырау шығармашылығынан толғау орындады. 

Жиын соңында шарада бас қосқандар А.Алматовтың шығармашылығынан тін тартатын кітап көрмесін тамашалады.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.