УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Наурызнама-2026 аясында “Көрісу күні: Амал мерекесіне” орай К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде ұлттық, спорттық, ойындарға арналған мазмұнды іс-шара өтті. Мерекелік шараны ұйымдастырған – «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен мерекелік басқосуда қатысушылар қазақ халықының дәстүрлі ойын түрлерінен сынға түсіп, ептілік пен шапшаңдықты, ұйымшылдық пен белсенділікті көрсетті. Университет профессоры Меруерт Өтекешова мен студенттері де атсалысып, көрініс көрсетті.

Амал мерекесінің мән-маңызын ұлықтаған бұл іс-шара студенттер мен оқытушылар қарымын жақындатып, ұлттық рухты нығайтты. Осындай татымды шаралар арқылы жас ұрпақ ата-баба мұрасын тереңірек танып, салт-дәстүрге деген құрметін арттыра түседі.

Ұлыстың Ұлы күнінің қарсаңында игі бастамалар құтты болсын!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.