УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Үлкен залында көрнекті скрипка шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ өнерін әлемге танытып жүрген маэстро Марат Бейсенғалиевтің концерті өтті.

Кешке университеттің студенттік оркестрі @eurasiansymphony_orchestra қатысып, көрермендерге жоғары деңгейдегі музыкалық бағдарламаны ұсынды.

Концертте студенттік оркестр сүйемелдеуімен ұлттық және әлемдік туындылар орындалды.

Концерт барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

 А. Г. Балаева атынан маэстроға арнайы құттықтау хатын университет ректоры, ғалым Алғиұлы Ахмедьяров салтанатты түрде жеткізді.

Айта кету керек, бұл ерекше концерт Марат Бейсенғалиевтің өнер жолындағы 40 жылдық шығармашылық мерейтойына арналды. Университет атынан маэстроны мерейтойымен құттықтап, көрерменімен кездесу үшін біздің университетті таңдағаны үшін алғыс айтамыз!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.