УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2026 жылдың 19 наурыз күні Рим қаласындағы Санта-Чечилия консерваториясында «Дала әуендері» атты қазақ классикалық музыка кеші жоғары деңгейде өтті.

Кешті ұйымдастырушылар  К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің 2-курс магистранттары Айбек Хайрулла мен Индира Нұрлыбай.

Музыкалық кештің құрметті қонағы ретінде Санта-Чечилия консерваториясының флейта магистранты Рахиля Кумарова өнер көрсетіп, қазақ музыкасының нәзік әуендерін ерекше шеберлікпен жеткізді. Сонымен қатар, кешке пианисттер Роберто Лоренцетти мен Беатриче Маккиа қатысып, жоғары кәсібиліктерін паш етті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Италия, Мальта және Сан-Марино елдеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сембаев Ерболат Нұрланұлы, сондай-ақ Санта-Чечилия консерваториясының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Роберто Джулиани арнайы қатысып, жас музыканттардың еңбегіне жоғары баға берді.

«Дала әуендері» кеші қазақтың классикалық музыкасын халықаралық сахнада насихаттап, мәдени байланыстарды нығайтуға үлкен үлес қосты. Бұл кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлап, қазақ өнерінің тереңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.