УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2026 жылдың 15 сәуір күні Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Университет күндері аясында «Сайра, бұлбұл» атты мерекелік гала-концерт өтті. Іс-шараға астаналық жоғары оқу орындарының басшылары, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер қатысып, өнер ордасының шығармашылық тынысымен жақын танысты.


Концерт бағдарламасы мазмұнды әрі әсерлі өтті. Сахнада студенттік оркестр, магистранттар және университет ұстаздары өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кеш барысында университетімізге есімі берілген опера әншісі Күләш Байсейітованың өмірі мен шығармашылығына арналған шағын фильм ұсынылды.

Мерекелік концерттің құрметті қонағы – Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешова студенттердің орындауындағы «Қыз Жібек» қойылымынан үзіндіні тамашалап, жас өнерпаздардың шеберлігіне жоғары баға берді.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.