УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Университет күндері аясында «Театр өнері және өнертану» факультетінің ұйымдастыруымен «Қыз Жібекпен сырласу» атты шығармашылық іс-шара өтті.

Бұл мерекелік шара Қазақстанның халық әртісі, университетіміздің ұстазы Меруерт Қаратайқызының 75 жасқа толған мерейтойы мен Университет күндері аясында іске асырылды. Ректор Ғалым Алғиұлы Меруерт Қаратайқызын мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, өнерде әлі талай шәкірт тәрбиелеуге тілектестігін білдірді.

Кеш барысында қазақ театр және кино өнеріндегі шоқтығы биік туындылардың бірі – «Қыз Жібек» образы арқылы ұлттық өнердің көркемдік құндылығы, сахналық мәдениет пен актерлік шеберлік кеңінен насихатталды.

Шара аясында студенттер мен оқытушылардың қатысуымен көркем қойылымдар ұсынылып, қазақ өнерінің алтын қорына енген бейнелер қайта жаңғырды. Кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ұлттық рух пен өнерге деген құрметті арттыра түсті.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.