УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

 

79-шы «Coupe Mondiale» баяншылар мен аккордеоншылардың халықаралық байқауы аясында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне музыкант әрі педагог Rui Liu арнайы келді.

Құрметті қонақты ҚазҰӨУ-дің Халықаралық ынтымақтастық және ғылым жөніндегі проректоры Раушан Нұртаза қарсы алды.

Rui Liu университет студенттеріне шеберлік сабағын өткізіп, өзінің орындаушылық және педагогикалық тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ қатысушыларды заманауи орындаушылық тәсілдермен таныстырып, құнды кәсіби кеңестер берді.

Кездесу студенттер мен оқытушылар үшін шығармашылық көкжиегін кеңейтіп, тәжірибелі маманнан жаңа білім алуға мүмкіндік берген маңызды оқиға болды.

ҚазҰӨУ ректоры Ғалым Ахмедьяров Rui Liu-ге Астанаға арнайы келгені, жоғары кәсібилігі, өнерге деген адалдығы және жас музыканттардың кәсіби дамуына қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.



ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.