УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

     

    Shabyt-sextet  тобының  концерті

    2024 жылдың  22 ақпанында  Қазақ  ұлттық  өнер университетінің  Орган залында «Шабыт-секстет» үрлемелі аспаптар квинтеті мен фортепианоның концерті өтті. Оның құрамына тамаша орындаушылар - беделді  халықаралық  және республикалық байқаулардың лауреаттары енген: Роза Солтыханова – флейта, Жәңгір Қосымбаев - гобой, Татьяна Штогрина - кларнет, Владимир Ардашев - фагот, Кеңес Дулат - валторна, Малика Аймақова - фортепиано.
    Бағдарламаға  енген  шығармалар:  1) Albert  Roussel  Divertissment,  op.6;
    2) Ludvig  Thuille  Sextet,  op.6;  3) Paul  Juon  Divertimento,   op.51
    Концерттік бағдарлама XIX-XX ғасырлар тоғысында өмір сүрген композиторлар  Альбер  Руссель, Людвиг Тюйе, Пол Юон  шығармаларынан құрылды.

    1. Фортепиано мен үрлемелі квинтетке арналған дивертисмент, шығ. 6 (1906) – француз композиторы Альбер Руссельдің шығармасы. Оның шығармашылығы  импрессионизмнің гүлдену кезеңінде қалыптасты. Оның шығармаларында Дебюсси мен Равельдің әсері сезіледі. Шығармалар айқын құрылымдары мен формаларымен, жарқын ырғағымен және көркемдікке бейімділігімен ерекшеленеді.
    2. Секстет, op.6 (1888) - австриялық композитор Людвиг Тюйе шығармасы. Оның композиторлық стилі неміс музыкалық романтизмінің  ықпалында  қалыптасты -  Роберт Шуман, Феликс Мендельсон, Иоганнес Брамс, Рихард  Вагнер музыкасының әсері, сондай-ақ  Рихард  Штраустың  әсері  де  сезіледі.
    3. Дивертисмент, op.51 (1907) - швейцариялық  текті орыс  композиторы Пол  Юонның шығармасы. Мәскеу консерваториясын скрипка және композиция бойынша Антон Аренский мен Сергей Танеевтің сыныбында бітірген.

             «Шабыт-секстет» үрлемелі аспаптар квинтеті мен фортепианодан құрылған топтың орындауындағы шығармаларды жариялап, әрқайсысына түсініктеме беріп отырған өнертану ғылымдарының кандидаты Татьяна Харламова.


    ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

    Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

    Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.