УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Құрметті Арман Әділханұлы!

Сізді Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы және өз атымнан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтаймын!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітіріп шығармашылық жолыңызды Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінде қызмет етуден бастап, кейін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері болдыңыз.

2017-2018 жылдары Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болып қызмет атқардыңыз.

Сонымен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық қызметті атқара жүріп, кейін осы оқу орнының ректоры ретінде табысты қызмет атқардыңыз.

Қазақ ұлттық өнер университеті ұжымы атынан Сізге ізгі тілек білдіре отырып, еліміздің мәдениет және өнеріні дамыту мен өркендетуге бағытталған қызметіңізге табыс және жұмысыңызға жемісті нәтижелер тілейміз!

Құрметпен
ҚР Еңбек Ері,
Қазақстанның Халық әртісі,
ҚазҰӨУ ректоры,
профессор Айман Мусахаджаева


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.