Рим қаласында Батыржан Смаковтың жетекшілігімен К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ студенттік хор капелласының концерттері өтті.
ҚазҰӨУ студенттік хор капелласы (СХК) дирижерлік магистрі, "Италия Жұлдызы Орденінің» иегері Б.Смақов жетекшілігімен Римде гастрольдік сапарын бастады. Концерттер Chiesa Sacro Cuore di Gesu in Prati, Ghione Teatro, Chiesa Santa Maria del Carmine alle tre cannelle, Basilica di Sant ' Antonio in Laterano сияқты Ежелгі Римнің тарихи орындарында өтті.
СХК екі шабыттандыратын концерт берді. "Grande Steppa" концерттік бағдарламасында "Missa Secundum in Entorem Beati Caroli" Lorenzo Perosi, Қазақстанның белгілі композиторлары Ғ.Жұбанованың, Е.Рахмадиевтің шығармалары, халық әндері, контр-тенор Б.Смақов жеке шығармаларын орындалды. Хор концерттеріне итальяндық көрермендер, Италиядағы қазақстандықтар, ҚазҰӨУ түлегі Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жиналды.
Концерттерге Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев, Қазақстанның Ватикандағы Елшісі Тимур Примбетов қатысты. Көрермендер хор өнеріне риза болы, Ghione театрындағы көрермен хорды бис-ке шақырды. Хор концерттері мәдени алмасудың бір бөлігіне айналып, көрермен көңілінен шықты. ҚазҰӨУ студенттік хор капелласының дирижері, Смаков Батыржан Амангелдіұлы, ҚазҰӨУ "Дирижерлеу" кафедрасының меңгерушісі, PhD философия докторы, доцент Аргингазинова Гүлнара Болатқызы, студенттік хор капелласының әншілері Римнің ерекше атмосферасын атап өтіп, Қазақстанның Италиядағы Мальта және Сан-Марино мен Ватикандағы Елшілігіне, ҚазҰӨУ басшылығына, "AIMART" академиясының ректоры Эдда Сильвестри ханымға (Италия, Рим), гастрольдік турының демеушілері "Global Bisiness Women Council", "Solidcore resources" қолдау үшін алғыс білдіреді.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.