2025 жылдың 24–25 сәуір күндері өткен музыкалық-теориялық пәндер бойынша Халықаралық олимпиада білім алмасудың, ғылыми пікірталас пен жас музыкатанушылар мен орындаушылар арасындағы диалогтың ашық алаңы ретіндегі мәртебесін тағы да растады. Айта кетерлігі, қазылар алқасының төрайымы – өнертану докторы, Адыгей мемлекеттік университетінің профессоры, этномузыкология мен тарихи музыкатану саласындағы көпжылдық тәжірибесі бар маман – Алла Николаевна Соколова болды. Қазылар алқасының құрамында сондай-ақ: КазНАИ Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, өнертану кандидаты Қазыбекова Ж.А., өнертану кандидаты, профессор Альпейісова Г.Т., өнертану кандидаты, Қ.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ доценті Құзбакова Г.Ж., педагогика ғылымдарының кандидаты, Қ.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ доценті Досанова А.А. бар. Бұл олимпиадаға жоғары сараптамалық деңгей беріп қана қоймай, өңірлік ғылыми мектептердің халықаралық кеңістікке бірігуіне ықпал етеді.
Әлі жас жобаның – бар болғаны үш жыл бұрын ғана басталғанына қарамастан, бұл Халықаралық музыкатану олимпиадасы академиялық музыкалық ортадағы маңызды оқиға ретінде өзін нық танытып үлгерді. Жыл өткен сайын қатысушылар географиясы кеңейіп, ұсынылған ғылыми жұмыстардың деңгейі артып, музыкалық талдауға пәнаралық көзқарас тереңдеп келеді.
Халықаралық олимпиада жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
«Музыкатану» номинациясы бойынша:
Гран-при: Толқынбекова Аяжан Тимурқызы (ғылыми жетекшісі – Нұртаза Р.С., өнертану кандидаты, профессор)
1 орын: Ильяшева Айман Нұрмұханқызы (ғылыми жетекшісі – Альпейісова Г.Т., өнертану кандидаты, профессор)
2 орын: Касимова Умида Шерзодовна (ғылыми жетекшісі – Бударина А.Г., Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының «Музыка тарихы және сыны» кафедрасының доценті)
2 орын: Головин Вадим Евгеньевич (ғылыми жетекшісі – Қожабеков И.К., өнертану кандидаты, Құрманғазы атындағы ҚҰК доценті)
3 орын: Қуанышев Төремурат Дауренұлы (ғылыми жетекшісі – Түлкібаева Ж.Ж., өнер магистрі, Құрманғазы атындағы ҚҰК аға оқытушысы)
3 орын: Макашева Ризагүл Ержановна (ғылыми жетекшісі – Досанова А.А., педагогика ғылымдарының кандидаты, Қ.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ доценті)
3 орын: Илхамжанова Висола Илхамжановна (ғылыми жетекшісі – Амонова Нодира Аллабергановна, PhD докторы, Б.Закиров атындағы ұлттық эстрадалық өнер институтының профессоры)
«Халық әні» номинациясы бойынша:
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері
(ғылыми жетекшісі – Қазыбекова Ж.А., өнертану кандидаты, доцент)
1 орын: Хамидулла Шерхан Асхатұлы
2 орын: Танатарова Айбике Сапарқызы, Срайл Аида Асхатқызы
3 орын: Сағындық Аружан Айтманқызы, Өтемұратов Жасұлан
Олимпиада аясында 25 сәуір күні профессор А.Н. Соколованың «Музыкатанушылар қызметіндегі жасанды интеллект» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.
Кәсіби пікірталас барысында заманауи технологиялар мен музыкалық ғылымның өзара байланысы, цифрлық музыкатанудың даму бағыттары талқыланды. Бұл шара қатысушылардың ерекше қызығушылығын туғызып, ғылыми-зерттеу мен педагогикалық тәжірибе аясындағы жаңа мүмкіндіктерге байланысты кәсіби диалогқа серпін берді.
Олимпиада әртүрлі елдерден келген дарынды студенттерді біріктіріп, олардың музыкалық-теориялық пәндер мен орындаушылық шеберлікті жоғары деңгейде меңгергенін көрсетті.
@oner_2012 @beyosa_astana - біздің демеушілерге алғысымызды білдіреміз!
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.