УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

Қазақ ұлттық өнер университетінде 45-ші Республикалық орындаушылар конкурсы басталды

Елордада еліміздегі музыкалық колледжде білім алып жатқан дарынды жастар үшін айтулы шара шымылдығын түрді. Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Музыкалық колледждер арасында 45-ші республикалық орындаушылар конкурсы басталды. Биыл аталған шарада еліміздің барлық өңірінен келген 400 қатысушы бақ сынайды. Конкурс 22-26 сәуір аралығында келесі номинациялар бойынша өтеді: Фортепиано, Ішекті аспаптар, Үрмелі және соқпалы аспаптар, Қазақ ұлттық аспаптары, Фольклорлық аспаптар, Фольклорлық ансамбль, Орыс халық аспаптары, Эстрадалық музыкалық аспаптар, Хор дирижерлығы, Музыка теориясы, Академиялық ән айту, Ансамбльдік ән айту, Домбырамен халық әнін орындау, Жыр-терме және Эстрадалық ән айту.

Республикалық орындаушылар конкурсы – 2015 жылдан бері ҚазҰӨУ базасында өткізіліп келе жатқан санаулы кәсіби конкурстардың бірі және ол әртістердің шығармашылық жолының басталуына ықпал етеді.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.