УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Астанада Қазақстан Республикасы Сенаты Кубогы – 2026 турнирінің 1/8 финалы аясында Қазақстан шахмат федерациясының Астана қаласы бойынша филиалы ұйымдастырған мәдениет және өнер қызметкерлері арасында жылдам шахмат турнирі өтті. 

15 ақпан күні өткен зияткерлік дода елорданың шығармашылық және білім беру саласының өкілдерін біріктірді. Турнир логикалық және стратегиялық ойлауды дамытуға, интеллектуалдық әлеуетті арттыруға және мәдениет пен өнер саласындағы кәсіби өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. 

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің өкілдері жарысқа белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. 

Жарыс қорытындысы бойынша ҚазҰӨУ оқытушысы Сейітжан Айдос турнир жеңімпазы атанып, жоғары шеберлігі мен стратегиялық ойлау деңгейін дәлелдеп, университет намысын лайықты қорғады. 

Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз! 


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.