УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2026 жылдың 9 ақпан күні Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні әрі 95 жылдық мерейтойы құрметіне “Muzbalaq” атты театрландырылған музыкалық кеш өткізді.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева, “Дәстүрлі жыр”, “Музыкалық театр артисі” мамандықтарының І курс студенттері Сырсұңқар Базарбай, Наргиза Нұрлан, Досхан Тұрсынғазы және “Театр өнері және өнертану” факультетінің “Музыкалық театр артисі”, “Драма театры және кино артисі” білім беру бағдарламаларының 2,3-ші курс студенттері өнер көрсеткен өлең мерекесі жырға құмар жастардың жанын баурап, көрермен ықыласына кенелді.

Әлем поэзиясының көрнекті өкілінің ғажайып жырларын тебіренте оқып, ақын өлеңіне жазылған әндерді таңырқата шырқаған жас таланттарға соғылған қошемет зор болды.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.