УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2026 жылдың 11 ақпан күні Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі мәдени өкілдігі мен Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті арасындағы мәдени ынтымақтастық пен екі ел арасындағы академиялық және мәдени байланыстарды арттыру аясында университет қабырғасында каллиграфия өнерінің хас шебері Хади Қасемидің туындыларының көрмесі мен шеберлік сабағы өтті.

Іс-шара барысында Хади Қасеми каллиграфия өнерінің тарихы, оның шығыс мәдениетіндегі орны мен маңызы туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, парсы каллиграфиясының ерекшеліктерін таныстырып, әріп жазу техникасы мен композициялық құрылым тәсілдерін тәжірибелік түрде көрсетті.

Шеберлік сабағына университет студенттері мен оқытушылары қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік жұмыстар орындады. Қатысушылар каллиграфиялық жазудың қыр-сырын меңгеріп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің каллиграфия өнеріне деген қызығушылығын арттыру, шығыс жазу мәдениетінің ерекшеліктерін таныстыру, халықаралық мәдени байланыстарды нығайту және кәсіби тәжірибе алмасу болды.

Шара барысында ирандық шебер студенттердің есімдерін шекасте насталиқ жазу түрінде жазып, сыйға тартты. Бұл ерекше сәт қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.

Шеберлік сабағы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Сонымен қатар, Иранның Теһран университеті мен Қазақ ұлттық өнер университеті арасында меморандум орнату жайлы сөз қозғалды.

Аталған шара екі ел арасындағы мәдени және білім беру саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға серпін беретін маңызды қадам болды.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.