УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Жастар арасындағы нашақорлық дертінің алдын алу, оларға оң бағыт беру, індеттің адам денсаулығына зиянын, психологиялық-әлеуметтік қиыншылығын түсіндіру, айналасындағылардың қолұшын созып, көмектесуі маңызды іс.

Ет үйренсе, ес жинауы қиындайтын тәуелділіктің алдын алу мақсатында, «Хабар» агенттігі бүгін ҚазҰӨУ студенттеріне белгілі документалист Саби Байбосынов түсірген «Три дозы до смерти» атты деректі фильмнің алдын ала көрсетілімін өткізді. Фильм нашақорлықтың жеке адамға да, қоғамға да тигізетін зиянын жан-жақты ашып көрсетіп, салауатты өмір салтын таңдаудың маңызын терең түсіндіруге бағытталды.

Іс-шараға «Хабар» агенттігі төрағасы міндетін атқарушы Данияр Меңлібеков жастармен ашық пікір алмасуға атсалысты. Университет проректоры Нұртаза Раушан Сабыржанқызы оқу орнының әлеуметтік жауапкершілігі, өнер мен мәдениеттің тәрбиелік рөлі және студенттік ортадағы саналы таңдау туралы ойларымен бөлісті. ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі нашақорлықтың құқықтық және әлеуметтік салдары, қауіпті белгілері және көмек алу жолдары туралы ақпарат берді. «Режиссура, операторлық өнер және арт-менеджмент» факультетінің деканы Иманберген Марат Рақышұлы фильм маңыздылығына кәсіби тұрғыдан пікір білдірді.

Іс-шараға қатысқан танымал спортшылар жастарды салауатты өмір салтын таңдауға шақырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу студенттерге ой салған маңызды әлеуметтік-ағартушылық шара болды.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.