Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің орынбасары Қыдырбекұлы Дәрменияр Қазақ ұлттық өнер университетінің педагогы Талғат Тұрғанбайұлы Тайшановқа алғыс хат табыс етті.
Онда Есіл ауданының әкімі Асылбек Есемханұлы Есенбаев "Астана қаласының "Есіл" ауданы әкімінің аппараты мәдени және әлеуметтік жобалар саласындағы бірлескен және жемісті көпжылдық ынтымақтастығы үшін, атап айтқанда, "Бәйтерек" монументінің жанындағы алаңда "Арман қала" атты жеке фотокөрмесін ұйымдастырғаны және өткізгені үшін үлкен алғысын білдіретінін атап өтті.
Сондай-ақ, әр жылдары түсірілген Астана қаласының орталығының көркем фотосуреттері тарихи дамудағы жас Астананың бейнесін ашады. Сондай-ақ, Талғат Тұрғанбайұлы әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдауды жүзеге асыра отырып, Астана қаласының мәдени дамуына баға жетпес үлес қосады.
Анықтама үшін:
Астана қаласының "Есіл" ауданы 2008 жылғы 5 тамызда ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды.
Аудан аумағы: 393,58 км.
Халқы: 232 736 адам.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.