УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>
Диплом 2.pdf
Диплом.pdf

 

2025 жылдың 30 мамыр күні жастар арасындағы ізденімпаздықты дамыту мен көшбасшы жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік студент-2025» атты республикалық патриоттық байқаудың жеңімпаздары анықталды!

Аталмыш байқау «Жаңа Қазақстан патриотизм» жобасы аясында өтіп, еліміздің белсенді жастарының креативті идеялары мен жаңа бастамаларын қолдау, сондай-ақ жастар саясатын дамытуға бағытталды.

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті атынан қатысқан студенттеріміз жоғары нәтижелер көрсетіп, үздік деп танылды:

«Үрлемелі және соқпалы аспаптар» мамандығының 1 курс студенті – Рамазанова Ляйлинур

«Арт-менеджмент» мамандығының 2 курс студенті – Нұртай Аяулым

«Арт-менеджмент» мамандығының 1 курс студенті – Нұрғалиева Аружан

Университет ұжымы атынан жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, оларға шығармашылық табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.