УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

ҚазҰӨУ-нің ұстаздары - Baiqonyr IFF

Алматы қаласында өтіп жатқан Халықаралық “Baiqonyr” кинофестивалінде К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері, түлектері және ұстаздары белсенді түрде қатысып жатыр. Ұлттық байқау бағдарламасында “Режиссура, арт-менеджмент және операторлық өнер” факультетінің түлектерінің фильмдері көрсетілуде.

“Baiqonyr” фестивалі аясында қатарынан төртінші жыл өткізіліп жатқан Кинотанушылар форумында да ҚазҰӨУ өкілдері белсенді. 22 қыркүйек күні “Деректі кинодағы әйел кинематографистері” тақырыбында өткен панельдік дискуссияға ҚазҰӨУ “Режиссура кино және телевидение” кафедрасының аға оқытушысы Айдос Сейітжан спикер ретінде қатысты. Сонымен қатар, дискуссияға деректі кино саласының оқытушысы, 2-курс докторанты Арман Қаиржан да қатысуда.

Фестивальға қатысушылар қатарында университетіміздің ұстаздары Смаилова  И.Т., Тайшанов Т.Т. және Нурмухамбетов Е.М. бар.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.