2025 жылдың 19 қыркүйек күні К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен талқыланды.
Іс-шараның басты мақсаты – Жолдауда айтылған негізгі басымдықтар мен стратегиялық бағыттарды түсіндіру, сондай-ақ жаңа цифрлық дәуірде Қазақстанның даму жолдарын студент жастармен бірге саралау болды.
Талқылау барысында қатысушылар Президенттің жасанды интеллект, цифрландыру, білім беру, ғылым және ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударғанына тоқталды. Сонымен қатар, шығармашылық және өнер саласындағы цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану, жас мамандарды қолдау, инновациялық жобаларды дамыту бойынша ұсыныстар да ортаға салынды.
Жиын соңында студенттер Жолдаудың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның цифрлық жаңғыруына өз үлестерін қосуға дайын екендерін білдірді.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.