Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Baiqonyr 2025 фестиваліне қатысуы.
Алматы қаласында дебюттік және қысқаметражды фильмдерге арналған Baiqonyr атты Х Халықаралық кинофестиваль өз жұмысын бастады. Фестиваль ағымдағы жылдың 20-26 қыркүйек аралығында «Арман» кинотеатрында өтеді.
Фестиваль бағдарламасы өте мазмұнды: авторлық дәрістер, фильм көрсетілімдері, шығармашылық кездесулер, семинарлар мен талқылаулар. Қазылар алқасының құрамы да айрықша мықты, қатысушылар түрлі елдерден жиналған.
Фестивальге К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің келесі факультеттерінен үлкен делегация қатысуда:
• Режиссура, арт-менеджмент және операторлық өнер факультеті,
• Көркемөнер факультеті,
• Өнертану кафедрасы.
Қатысушы оқытушылар: Қайыржан А.Б., Сейітжан А.М., Нұрмұхамбетов Е.М., Смайылова И.Т., Тайшанов Т.Т.
Қатысушы студенттер:
• Рахимбаева Риза және Забикулина Альнур (3 курс, Операторлық өнер)
• Асылболат Абутали және Жан Болатқали (4 курс, Операторлық өнер)
• Асем Ануарова (3 курс, Арт-менеджмент)
• Алтаева Сабина (2 курс, Телевизия режиссурасы)
• Мұкарам Еркін (4 курс, Режиссура және продюсерлік)
• Максимюк Ксения және Мусина Жасмин (3 курс, Кино және ТВ суретшісі)
• Ақмандай Имaнгазықызы (3 курс, Көркем фильм режиссурасы)
• Ғани Алуа (4 курс, Кино және ТВ суретшісі)
• Турмаганбет Әдемі (3 курс, Өнертану)
• Баян Бақытжанқызы (4 курс, Телевизия режиссурасы)
Сонымен қатар, фестивальдің Ұлттық конкурсында Режиссура, арт-менеджмент және операторлық өнер факультетінің 2025 жылғы түлектерінің жұмыстары ұсынылды:
• “Тени прошлого” – деректі фильм, режиссері: Анель Губашева
• “Уроки жизни” – деректі фильм, режиссері: Акмарал Нурланкызы
• “Нить прошлого” – көркем фильм, режиссері және операторы: Ерсултан Ментаев
• “Helios (Бог солнце)” – көркем фильм, режиссері: Батырхан Жүсіпов, операторы: Мариям Даулеталина, суретшісі: Ксения Максимюк
К. Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ делегациясына шығармашылық табыс пен жемісті жұмыс тілейміз! Біз өз студенттерімізге жанкүйерміз және олардың жетістіктеріне сенеміз.
Фестиваль ұйымдастырушыларына жоғары деңгейдегі жұмыс үшін алғысымызды білдіреміз.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.