УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы және өз атымнан университетіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңындағы құттықтауыңыз бен ҚазҰӨУ  жетістіктерін жоғары бағалағаныңыз үшін алғысымды білдіремін!

Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары Көлгінов Алтай Сейдірұлына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Асхат Раздықұлы Ораловқа мерейтой концертінің құрметті қонағы  ретінде қатысқаны үшін ризашылығымды білдіремін.

Құрметті Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлық- оқытушылық құрамын және білім алушыларды ҚазҰӨУ-нің 25 жылдығымен және мерейтойлық Гала – концерттің сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!

26 сәуірде «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында Мемлекетіміздің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және «Астана опера» театрының қолдауының арқасында Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары мен білім алушыларының қатысуымен мерейтойлық Гала-концерт атап өтілді. Сахнада Дәурен Ғлымовтың жетекшілігімен халық аспаптар оркестрі, Ербол Мамырбаевтың жетекшілігімен үрмелі аспаптар оркестрі және Айдар Торыбаевтың жетекшілігімен Еуразиялық симфониялық оркестрі, Лариса Мещерякова, Бекмадиева Мадина, Абдрахманова Айжанның жетекшілігімен скрипкашылар ансамблі, сондай-ақ, Димаш Құдайберген, Рүхия Байдүкенова, Талғат Мұсабаев, Бибігүл Жанұзақ, Салтанат Ахметова, Азат Мәлік, Ержан Максим және т.б. өнерімен әлемге танылған білім алушыларымыз бен түлектеріміз өз өнерлерін көрсетті.    

Мерейтойлық концертте Ольга Джулдиеваның жетешілігімен «Эстрада» кафедрасының бір топ студенттері, Ернияз Бірімқұловтың жетекшілігімен «Театр өнері және өнертану»  факультетінің студенттері және  солистер Марат Нүкеев, Орынбай Дүйсен, Айтжан Тоқтаған, Меруерт Юсбековалар жетекшілік еткен «Домбыра» кафедрасының оқушылары, сондай-ақ, Мақсат Хамзиннің жетекшілігімен «Дәстүрлі ән» кафедрасының оқушылары, Алтай Құсайыновтың жетекшілігіндегі  «Фортепиано» кафедрасы оқушылары өздерінің жетістіктерімен бөлісті. Мерейтойдың көркемдік безендіру жұмыстарын жүргізуде алдына жан салмаған Көркем өнер факультеті мен  режиссер Ренат Гайсин бастаған қойылым тобының құрамы концерттің биік дәрежеде атап өтілуіне ерекше ат салысты. 

ҚазҰӨУ-нің  өткен ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктерінде әрбіріміздің үлесіміз, атап айтсақ, ата-аналар, университет қабырғасындағы ұстаздарымыз бен қызметкерлеріміздің орасан зор еңбегі бар. Алдағы уақытта да ҚазҰӨУ жаңа мақсаттар мен міндеттерге батыл қадамдар жасап, өнердің барлық саласында биік белестер мен асуларды бағындыратынына сенімім мол!


Сіздерге  денсаулық пен шығармашылық табыс, ал, біздің университетке одан әрі даму мен өркендеу тілеймін! 


ҚазҰӨУ ректоры, профессор,
Қазақстанның Халық әртісі,
Қазақстанның Еңбек Ері,
ЮНЕСКО Әлем артисі

Айман Мусахаджаева 



ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.