УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналады

2023 жылдың 30 қарашасында мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақ ұлттық өнер университеті  «Музыкатану, композиция және фортепиано» факультетінің «Міндетті фортепиано»  кафедрасының  ұжымы университеттің барлық мамандықтарының студенттерімен бірлесе отырып,  ауқымды  іс-шара - дөңгелек үстел мен  концерт ұйымдастырды. Концертте қазақстандық композиторлардың жеке пианиноға арналған шығармалары мен сүймелдеулері орындалып, дөңгелек үстелде «Қазақ композиторларының  шығармалары  негізінде  шығармашыл жастардың патриоттық  сезімін қалыптастыру» тақырыбы бойынша баяндамалар жасалды.

«Тәуелсіздік - ең биік байлық, ал Қазақстан- біздің жалғыз Отанымыз»  деген  ұстаным бүкіл  іс-шараның басты лейтмотивы болды. Кафедра оқытушылары, баяндамашы студенттер мен сүйемелдеуші студенттер - барлығы өздерінің міндеттерін жоғары деңгейде орындап шықты.  Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесін пианистер жақсы бастады.

Жарайсыңдар!!!  Алға, Қазақстан!!!  Жаса менің сүйікті   Отаным!!!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.