УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Бакуде Казақстанның мәдениет күндері өтеді

2-5 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан Республикасының мәдениет күндері Әзірбайжан  астанасы  Баку қаласында  өтеді.

2 желтоқсан  күні  сағат 19:00-де «Мугам»  халықаралық  орталығында  «Hassak» фольклорлы - этнографиялық  ансамблінің  жеке  концерті  өтеді

3желтоқсан күні сағат 18:00-де Әзірбайжан мемлекеттік академиялық музыкалық театрында Ғабит Мүсірепов атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық  балалар мен жасөспірімдер театрының Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы бойынша  қойылымы  көрермен  назарына  ұсынылады.

4 желтоқсан күні сағат 17:30-да Гейдар Алиев орталығының көп бейімді залында Қазақстанның бейнелеу өнері көрмесінің ашылу салтанаты жоспарланған. Қазақстан тарапынан көрмеге қойылатын картина авторлары: Сатаев Нұрлан, Мусиреп Сырым, Асел Сабыржанқызы, Кабикожаева Алия, Чутитаева Зарина, Сұлтан Айдосұлы, Елдос Азаматұлы, Алия Ореқызы, Бейбіт Асемқұл.

4 желтоқсан  күні  сағат 19:00-де  Гейдар Алиев орталығында Қазақстан өнер шеберлерінің гала-концерті өтеді. Гала-концертке Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, «Құрмет» орденінің иегері Зарина Алтынбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері  Алишер Каримов, Медет Чотабаев, Айгерим Бекетаева т.б. өнер жұлдыздары, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, «IL Canto», «Violas», «T&Y», «Ұлытау», «Кешью» топтары, «Сазген сазы» ансамблі және  Фикрет Амиров атындағы Әзірбайжан мемлекеттік ән және би ансамблі қатысады.

Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстардың тамыры тереңде жатыр. Екі ел арасындағы мәдениет күндерін өткізу бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістікті нығайтуға, екіжақты қарым-қатынастың дамуына септігін тигізері сөзсіз.

ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің Мәдениет Комитеті                                                                                    


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.