УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

19 мамырда ҚазҰӨУ- ің Еркеғали Рахмадиев атындағы Үлкен залда «JUZZ BAND» вокалдық-аспаптық ансамблінің тұсаукесер концерті өтті, оның құрамында ҚазҰӨУ колледжінің студенттері, атап айтқанда барабаншы Ертай Мамырбеков, пианист Исмагулов Санжар, саксофоншы Даниал Иромашвили, гитаристер – Лян Асанәлі және Жанхан Ернұр бар.

Бұл жаңа ВИА - Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының арқасында құрылды. Гранттың мақсаты белсенді шығармашылық жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған және жастардың жаңа бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау болып табылады.

Жаңадан құрылған «JUZZ BAND» ВИА негізін қалаушы – «Соқпалы аспаптар» мамандығының 1 курс студенті - Ертай Мамырбеков жобаны қаржыландыруға «мәдениет және өнер» номинациясына вокалдық-аспаптық ансамбль құру және концерт өткізу идеясы бойынша өтінім берді.       Нәтижесінде ол байқауда жеңіске жетіп, оның арманы  бүгін шын мәнінде орындалды.

Байқау жеңімпазы Ертай Мамырбековты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері бойынша комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов мырза және ҚазҰӨУ ректоры Мусахаджаева Айман Қожабекқызының атынан ректорат өкілі құттықтап, ҚазҰӨУ-нің 25 жылдығына арналған мерейтойлық сыйлығын табыстады.

Концертте ансамбльдің аспаптық импровизацияларына эстрада мамандығының студенттері - Төленова Аяна, Болатханұлы Исатай, Әзімбаев Әмір, Лян Асанәлі  қатысып ағылшын тілінде «Get Lucky», «Sway», «Until I found you», «Just the two of us», «Sunny», «I will survive», француз тілінде «Je veux» және қазақ тілінде «Алаңдама», «Сыбырлайын», «Шекер» әндерін орындады. Сонымен қатар атақты композитор және орындаушы Батырхан Шөкеновке кеше 61 жас толу мерейтойының құрметіне оның «Джулия» хиті орындалды.

«JUZZ BAND» дебют концерті залдың қызу қолдауымен өтті. Концерт соңында сахна төрінде барлық қатысушыларды колледж директоры Гафура Джумакова құттықтады. Жаңадан құрылған ВИА құрамындағы саксофонист Даниал Иромашвилидың әжесі Набира Жүнісқызы ҚазҰӨУ ректоры Айман Қожабекқызына өз жылы лебізін жолдап «Талантты балаларды тауып, кешкентай жұлдыздарды жинап, оларға сәтті шығармашылығына мүмкіндіктер тұғызғаны үшін» шын жүректен алғысын білдірді.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.