УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

     

    Құрметті  Бағдат  Сәмидинқызы!
    Қазақ  ұлттық  өнер  университетінің ұжымы
    Сізді  70 жас мерейтойыңызбен  құттықтайды!

    Сіздің шығармашылық жолыңыз әрбір жас әншіге үлгі болары  анық және өнер сүйер қауымға етене жақын. Өнеріңіз лайықты бағасын алып та жатыр:  «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі» лауазымы,профессор ғылыми атағы, ҚР «Құрмет» орденінің иегері, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақ хандығына - 550 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне -10 жыл»,  «Қазақстан тәуелсіздігіне - 20 жыл», «Астана» медальдері, көптеген Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталдыңыз. Мүның бәрі Сіздің жеке басыңыздың жетістігі, табиғаттан  бойыңызға  біткен  талантыңыз бен таза  еңбегіңіздің өтеуі.

    Сіздің репертуарыңыздағы «Сарыарқа», «Отырардағы той»,  «Мен даланың қызымын» әндері қазақ ән өнерінің қоржынын  толықтырып қана қоймай, інжу-маржанына айналды. Сіздің өнеріңізді жалғастырып жүрген шәкірттеріңіз  де  баршылық. Талғампаз, білікті  ұстаздан тәлім-тәрбие алған шәкірттеріңіз  де өнер шыңынан көрінеді деген үміттеміз.

    Құрметті  Бағдат  Сәмидинқызы! Мерейтойыңызбен құттықтай отырып, Сізге ең басты байлық - денсаулық тілейміз!Ұстаз ретінде шәкірттеріңіз бен әріптестеріңіздің  құрметі мен сыйластығы арта берсін! Тамаша  әнші, ұлағатты  ұстаз Бағдат  Сәмидинқызының Қазақ еліне,  дәріс беріп жүрген Қазақ ұлттық өнер университетіне, өзі жүрген ортасына  әлі де берері мол!

    Сізге  тілейтініміз - алға  қойған  арман - мақсаттарыңызға   
                 жете  беріңіз!  Бақытты болыңыз! Бай - қуатты  болыңыз! 


    ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

    Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

    Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.