УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2026 жылдың 8 қыркүйек күні Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне Малайзияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохд Адли бин Абдулла ресми сапармен келді.

Сапар аясында мәртебелі мейман университет ректоры Ғалым Ахмедьяровпен кездесті. Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту және Малайзия Елшілігі мен университет арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында білім беру мен өнер саласындағы тәжірибе алмасу, студенттер мен оқытушыларға арналған бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ мәдени іс-шаралар мен шығармашылық бастамаларды ұйымдастыру бағыттары сөз болды.

Бұл ынтымақтастық екі ел арасындағы шығармашылық диалогты тереңдетіп, жас таланттар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны сөзсіз.



ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.