УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

ҚазҰӨУ ректоры Ғалым Ахмедьяров «Көшпенділер жаңғырығы» халықаралық вокал байқауының жүлдегерімен кездесті

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Ғалым Ахмедьяров VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен «Көшпенділер жаңғырығы» халықаралық вокал байқауының жүлдегері, колледж студенті Жасмина Тілеумбетовамен кездесті. 

«Эстрадалық ән айту» мамандығының 3-курс студенті Жасмина Тілеумбетова түрлі елдерден келген дарынды орындаушылардың басын қосқан беделді халықаралық байқауда II орын иеленді. 

Байқауға студентті «Эстрада өнері» ПЦК оқытушысы Бекзат Жұмажанұлы Оспанов дайындады. Студентті жоғары жетістігімен құттықтаған ректор оның жеңісі университет үшін зор мақтаныш екенін атап өтіп, шығармашылық табыс, кәсіби өсу және шабыт тіледі. 

Ғалым Ахмедьяров халықаралық сахнада туған альма-матердің абыройын асқақтатып, қазақстандық өнерді лайықты танытудың маңыздылығына ерекше тоқталды. 



ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.